{metadescription}
Көкшетауда судья Жанна Бердіғұлованы азаптап өлтірген қаскөй өз жазасын алды
Көкшетауда судья Жанна Бердіғұлованы азаптап өлтірген қаскөй өз жазасын алды

Көкшетауда судья Жанна Бердіғұлованы азаптап өлтірген қаскөй өз жазасын алды

33 жастағы Медет Әбдірахманов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін де адам қанын мойнына жүктеген қандыбалақ қылмыскер 1 жыл бұрын ғана бостандыққа шыққан екен. Сөйтіп, тағы адам өлтірген. Айта кетейік, марқұм Жанна Бердіғұлова өмірінің соңғы жылдары Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы болған.

Жанна Бердіғұлованың өлі денесі маусым айында өз пәтерінен табылған еді. Оны жуынатын бөлмесінде буындырып өлтірген. 46 жастағы судья  қандықол қылмыскерді үйіне өзі шақырыпты. Жиһаз жөндеуші ретінде келген жігіттің ол нағыз қандықол қылмыскер екенін, әрине, білмеген. Кісі қолынан мерт болған Жанна Бердіғұлованың өліміне қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы Медет Әбдірахманов кешікпей қолға түсті. Сөйтіп, ол сотта үш бірдей бап бойынша кінәлі деп танылды.

Ғалым Қайшыбеков, судья:

-Сот Медет Әбдірахмановты Қылмыстық Кодекстің 99-шы, 188-ші және 384-ші баптары бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім кесті.

Яғни Әбдірахманов адам өлтірумен қатар, ұрлық жасаған, құжаттарды заңсыз жолмен алып кеткен. Енді жеке мүлкі де тәркіленетін ол зардап шеккен тарапқа моральдық және материалдық шығын ретінде 10 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұған дейін де төрт рет сотталған қандыбалақ қылмыскер соңғы рет 2007-ші жылы адам өлтіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Дегенмен, ол үлгілі тәртібі үшін өткен жылы түрмеден шығарылыпты.

-Бірақ ол бостандыққа шыққаннан кейін көп ұзамай тағы да қанды қылмысқа барған. Яғни биыл жазда адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Осы жолы өмір бойына сотталған Медет Әбдірахманов енді аса қатал тәртіптегі түрмеде жазасын өтейді.

Алқа билердің қатысуымен өткен бұл соттың үкімін тыңдауға Бердіғұлованың туысқандары келген жоқ. Ал тепсе темір үзетін жастағы жігіт қылмысы үшін қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізетінін естігенде, беті бүлк еткен де жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде