{metadescription}
Сирияда соғыстан құтқарылған қазақтар жақында елге оралады
Сирияда соғыстан құтқарылған қазақтар жақында елге оралады

Сирияда соғыстан құтқарылған қазақтар жақында елге оралады

29 жастағы отандасымыз төрт баласымен бірге әзірге Грозный қаласында. Шешенстан астанасына олар арнайы рейспен түнде жеткізілген.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Ол 1988-ші жылы туылған Орал қаласының тұрғыны. Және оның кәмелет жасына толмаған 4 баласы бар. Оларды Грозный қаласының әуежайында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Жақын арада олар қазақстанға жеткізілетін болады.

Жалпы Ресейдің әскерилері Сириядағы соғыстан 40 адамды құтқарып, ұшақпен Грозныйға алып келген. Оның 12-сі әйел және 29-ы кішкентай ұл-қыз. Бесеуі Қазақстан, екеуі Өзбекстан қалғаны Ресей азаматтары. Баласын құшақтаған келіншектердің барлығы кезінде күйеуіне еріп, жат ағымның жетегінде Сирияға жалған жиһадқа аттанған. Енді ондағы жағдайды өз көзімен көріп өкінгендер құтқарылған соң қуаныштарында шек жоқ. Бір айта кетерлігі, жерлестеріміз елге жеткізілген соң жазаға тартылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.