{metadescription}
Байқоңырдың жері өзімізге қайтарылғанымен Ресейдің төлейтін өтемақысы азаймайды
Байқоңырдың жері өзімізге қайтарылғанымен Ресейдің төлейтін өтемақысы азаймайды

Байқоңырдың жері өзімізге қайтарылғанымен Ресейдің төлейтін өтемақысы азаймайды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстанға қайтарылатын 11 жарым мың гектар жердің болашағына  қатысты жауап берді.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

-Халықтың да саны өсті. Құрылыс та жүріп жатыр. Халыққа да жер керек қой. Одан кейін инфрақұрылым өткізу керек. Соның барлығына Қызылорда облысының әкімшілігімен келісім жалдан жерді қайтарып жатырмыз. Ешқандай қауіп жоқ. Ол деген Төретам мен Ақайдың төңірегіндегі жер. Ол таза жер.

Министрдің сөзінше қайтқалы жатқан жер ғарыш айлағының аумағына мүлдем кірмейді. Оның территориясында қауіпті қалдықтар жоқ деп сендірді. Жақын арада ғарыш айлағының тағы үш алаңы өзіміздің бақылауымызға өтпек. Десе де, Ресейдің жалдап отырған жері тарылғанымен төлейтін ақшасы сол қалпы. Жылына 115 млн доллар немесе 50 млрд 132 млн теңге көлеміндегі сома өзгеріссіз қалмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде