{metadescription}
Иран мен Ирак шекарасындағы алапат зілзала
Иран мен Ирак шекарасындағы алапат зілзала

Иран мен Ирак шекарасындағы алапат зілзала

Қаза тапқандардың саны 450 адамға жуықтады. Әсіресе, табиғат апатының негізгі ошағындағы ирандықтар арасында өлім-жітім көп. Ал, екі елден зардап шеккен тұрғындардың саны 7 мыңнан асып кеткен.Жер асты дүмпуінен Иранның Керманшах және Илам провициясының тұрғындары опат болып, шекара маңындағы Сарполь-э-Захаб қаласы қатты қираған. Зілзала қалалық аурухананы жермен-жексен еткендіктен, жараланғандарды көрші елді мекенге тасуға тура келген. Қазір жергілікті билік құтқару-іздеу жұмыстары аяқталғанын айтып отыр. Алайда, зілзаладан жүректері шайлыққан тұрғындар әлі де үйлеріне...

йтпай отырған көрінеді. Ал, жер сілкінісінен Ирактың Дияла және Сулеймания провинциялары бүлінген. Құзырлы орындар Ирак халқын жараланғандар үшін қан тапсыруға және қажетті тұрмыстық заттар жинауға үндеу тастады.  Өткен дүйсенбіге қараған түні қос елдің шекарасында магнитудасы 7,3 балдық жер асты дүмпуі тіркелген болатын. Толқыны Түркия, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері мен Израильға да жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде