{metadescription}
Каталониядағы тұрақсыздыққа Ресейдің қатысы болуы мүмкін
Каталониядағы тұрақсыздыққа Ресейдің қатысы болуы мүмкін

Каталониядағы тұрақсыздыққа Ресейдің қатысы болуы мүмкін

Испания билігі солтүстіктегі көршілерімізге осындай айып тақты.

Өйткені, референдум туралы жалған ақпараттардың Ресей аумағынан тарағанын анықтапты. Елдің Қорғаныс министрі Каталониядағы ушыққан жағдайда Венесуэланы да кінәлайді. Қос ел мұнда тұрақсыздық тудыру үшін twitter, facebook әлеуметтік желілерін пайдаланған деген де дерек бар. Олар сепаратизм туралы ақпарат тарату арқылы референдум қарсаңында қоғамның санасына әсер етуді көздепті. Министрдің мәліметінше, Ресейдің Испанияның ішкі мәселесіне араласқаны туралы дерек көп. Әзірге олар бұл жағдайларға нақты Кремльдің қатысы бар-жоғын анықтауда. Айта кетсек, Каталония талай жылдан бері тәуелсіз ел атануға талпынып келеді. Қазанның басында референдум өткен еді. Каталониялықтардың 90 пайызы Испаниядан бөлінуді қолдаған. Ал, сайлау өткізуге түбегейлі қарсы ресми Мадрид халықтың дауыс беруіне тосқауыл болу үшін қолдан келгенін істеп, ақыры сайлау қорытындысын мойындамай қойған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде