{metadescription}
Алматыда үй тонаушылар полицейлерден қашамыз деп бірнеше көліктің тас- талқанын шығарды
Алматыда үй тонаушылар полицейлерден қашамыз деп бірнеше көліктің тас- талқанын шығарды

Алматыда үй тонаушылар полицейлерден қашамыз деп бірнеше көліктің тас- талқанын шығарды

Кезекті пәтердің ішін үптеп шығып бара жатқан олар тәртіп сақшыларының назарына ілігіпті. Көлікке міне сала жасырынбақ болған қарақшылар жол апатына ұшырап қолға түсті.

«Жас Қанат» шағын ауданындағы пәтерлердің бірін үптеп шыққан екі азамат тәртіп сақшыларының күдігін тудырған. Полицейлер біреуін сол мезетте қолға түсірді. Ол 1994 жылғы Алматы облысының тумасы.  

Алтынбек Әлібеков, күдікті:

-Машиналар жан жағымнан келіп қысып тоқтатып, қолымды қайырып ременмен байлап мына жерге әкелді. Қай жер екенін де білмеймін.

-Рөлде кім болды?

-Білмеймін.

Жанындағы баланы танисың ба?

-Жоқ.

-Оның машинасына не үшін отырдың.

-Такси ұстадым.

Алтынбектің сыбайласы болса танысын тастай қашқан. Ол Лексусына отырып оқиға орнынан ізін суытпақ болды. Бірақ алысқа кетпеді. Ауладағы бірнеше көлікті қағып өткен ол жүк көлігімен соқтығысты. Екі жүргізуші де ауыр жарақат алды.

Арман Рүстембеков, күдікті

-Бұрын сотталғансың ба?

-Иә

Бұған дейін істі болған Арман да Алматы облысының тумасы. Күдіктінің  көлігін тексеру барысында тәртіп сақшылары ұрланған ноутбук, телефон және зергерлік бұйымдарды тәркілеген.

-Полицейлерден қашамыз деп бірнеше көлікті талқандап ақыры  ұсталған күдіктілердің бұған дейін 5 үйді тонағаны белгілі болды. Мамандар келтіріліген шығын көлемі 2 миллион теңге деп отыр. Қылмыстары дәлелденсе бұл екі азамат кемінде жеті жылдарын түрмеде өткізуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде