Қазақстандық шенеунік Париждің қақ ортасынан элиталық пәтер сатып алған
Франция астанасындағы ең қымбат баспана үшін ол бақандай 65 миллион еуро жұмсапты. Бұл туралы Mansion Global халықаралық жылжымайтын мүлік агенттігі мәлімдеді.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
14.11.2017
Бұл Париждегі биылғы жылы жылжымайтын мүлік нарығындағы жасалған ең қымбат сауда-саттық екен. 65 миллионның пәтері Монтань көшесіндегі үйде орналасқан. Осы ауданды француздар қаланың «алтын үшбұрышы» деп те атайды. Үйден әйгілі Елисей алаңына санаулы минутта жаяу жетуге болады. Нысанның қауіпсіздігі де аса жоғары деңгейде. Тіпті, оның терезелері оқ өтпейтін әйнектен жасалыпты. Ал қазақтар сатып алған пәтердің жалпы аумағы анау-мынау емес 1200 шаршы метрді құрайды. Онда бес-бестен жатын, жуынатын бөлме, спа және қонақтарға арналған зал бар. Үкімет өкіліне бұл сату келісім-шартын жасау үшін бельгиялық брокер көмектескен көрінеді. Оның риелторлық агенттігі Мәскеуде орналасқан. Ал, қазақ шенеунігінің аты сол күйі аталған жоқ. Үкіметтегілер де ол туралы жарытып ештеңе айтпай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!