{metadescription}
Сириядағы тұтқыннан босатылған  қазақтар жақында елге оралады
Сириядағы тұтқыннан босатылған  қазақтар жақында елге оралады

Сириядағы тұтқыннан босатылған қазақтар жақында елге оралады

29 жастағы отандасымыз төрт баласымен бірге әзірге Грозный қаласында. Жалпы Ресей әскерилері қанды қырғыннан 40 адамды құтқарып, арнайы рейспен Шешенстан астанасына түнде жеткізген. Оның 5-еуі Қазақстан азаматы.

Сириядағы соғыстан  қажыған әйелдер мен кішкентай ұл-қыздарды құтқару үшін әскерилер үш апта бойы келіссөздер өткізген. Енді зорға дегенде аман алып шығып отыр.Негізі бұл келіншектердің барлығы кезінде күйеулерінің соңынан еріп жат ағамның жетегінде жиһадқа аттанған. Оларды орыс  әскері  соғыстан құтқарып алып шығып отыр. Сөйтіп, арнайы рейспен түнде Ресейдің Грозный қаласына жеткізілді.

Зияд Сабсаби, Шешенстан Республикасының Таяу шығыстағы өкілі:

-Сириядан шығарылғандардың барлығы лаңкестермен бірге болған. Бірақ, соғыстан  шаршаған әйелдер балаларымен бірге қашып шыққан. Кейбірі күрд бүлікшілерінің қолына түскен. Біз олармен келісімге келіп, барлығын құтқарып алдық.

Жалпы құтқарылғандардың саны 40-тан асады. Оның 12-сі әйел қалғаны кішкентай ұл-қыз. Көбі Ресей азаматтары, ал екеуі өзбек, бесеуі қазақ. 29 жастағы отандасымыз төрт баласымен бірге әзірге Грозный қаласында. Қасындағы ұл-қыздарының үлкені бес жаста кішісі небары екі айлық шақалақ екен.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі:

-Ол 1988-ші жылы туылған Орал қаласының тұрғыны. Және оның кәмелет жасына толмаған 4 баласы бар. Оларды Грозный қаласының әуежайында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Жақын арада олар қазақстанға жеткізілетін болады.

Қазақстанға оралған бойда Сириядағы соғыстан келген келіншектен  Ұлттық қауіпсіздік комитеті  жауап алары белгілі. Сөйтіп әйелдің отбасымен бірге  шетел асуына кімдердің түрткі болғаны анықталуы тиіс.

Нұрлан Ермекбаев, Дін істері және азаматтық қоғам миинстрі:

-Олар егер жауапкершілікке тартылмайтын болса, егер шетелде жүріп қылмыс жасамаған болса, олармен әрине оңалту жұмыстары жүргізіледі. Өйткені, оларды біздің қоғамға бейімдеу керек.

Жиһад жасаймыз деп түрлі геосаяси ойындардың құрбаны болып жатқан қазақтарға тосқауыл болмай тұр. Сондықтан теологтар ұл-қыздарымыз жат ағымға кірмеуі үшін алдымен тәрбиеге мән беру керек дейді. Қазір дінтанушының пікірін тыңдап көрейік.

Мәди Орынбай, теолог:

-Біріншіден балаға дінін үйрету керек. Тілін, салт-дәстүрін үйрету керек. Тарихын үйрету қажет. Осы төрт нәрсені ата-анасы балаға үйрететін болса, онда бала адаспайды деп ойлаймын.

Ал,қазір жастардың көбі білімін интернет арқылы жетілдіруге әуес. Онда жалған жиһад туралы арандатушы ұрандар өріп жүр. Көбі соған еріп, қалай радикалдық топқа кіріп, Сириядан бір-ақ шыққанын аңғармай жатады дейді теологтар.

Мәліметтерге қарағанда жүздеген отандасымыз қазір Таяу шығыста қару асынып соғысып жүр. Оларды елге қайтару ісін еліміздің күштік құрылымдары барынша күшейткен. Егер олар оралған жағдайда шетелдегі соғысқа қатысқаны үшін  жеті жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде