Семейде осылай аталатын ерекше көрме ұйымдастырылды
Онда көне оқу құралдары қойылған. Жұрт назарына жергілікті өлкетанушылардан жиналған 300-ге жуық экспонат ұсынылып отыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.11.2017
Мұндай қойылған жәдігерлер қатарында 19-шы ғасырдан сыр шертетін заттар да бар. Атап айтқанда, қауырсын қалам мен қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлиханов өмір сүрген кезеңдегі қағаз қиятын пышақ оқушылардың қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, түрлі-түсті қарындаштың да сегізге жуық нұсқасы сөреге қойылған. Балаларға оларды ұстап, қалаған суреттерін салуға бір мезет мүмкіндік берілді. Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, өлкетанушылардан мұндай ескі оқу заттарын жинау қиынға соққан екен. Әсіресе, химия, биология пәндерінде қолданылған құрылғылар ел арасынан әрең табылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!