{metadescription}
Павлодар облысында заңсыз ағаш кескен алты адам ұсталды
Павлодар облысында заңсыз ағаш кескен алты адам ұсталды

Павлодар облысында заңсыз ағаш кескен алты адам ұсталды

Табиғат қаскөйлері «Ертіс орманы» резерваты аумағындағы қарағайларды аямай отап, мемлекетке 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Жасыл желекке ауыз салған азаматтар ағаштарды арнайы арамен кесіп, шаруа қожалық аумағына тасымалдап отырған. Қарағайларды отап тастағандардың үстінен түскен тәртіп сақшылары оқиға орнынан тіркемесі бар, нөмірсіз екі тракторды анықтаған екен. Қазір ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз ағаш кесу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе олар 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1 миллион 100 мың теңгеден астам айыппұл төлеп, үш айға қамалуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.