{metadescription}
Алматыда түрменің экс-басшысы 5 жылға сотталды
Алматыда түрменің экс-басшысы 5 жылға сотталды

Алматыда түрменің экс-басшысы 5 жылға сотталды

Оған алғашында темір тордың ішінде зорлық көрген әйелдің  шағымына жүрдім-бардым қарады деген айып тағылған болатын. Ақыры сотта айыбы дәлtkденіп, тар қапасқа өзі қамалды. Сондай-ақ, подполковник шенінен айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Әрине, жәбір көрдім деген Наталья Слекишина бұрын төрт бірдей түрме қызметкерінің өзін бірнеше мәрте зорлағанын айтқан болатын. Тіпті, жүкті болып, түрмеде босанып қалған. Үшеуі жазадан сытылғанымен, сараптама бойынша баланың әкесі деп көрсетілген Руслан Хәкімов 9 жылға сотталып тынған.   

Сот залына кісенмен жеткізілген Ермек Омарбеков жаз айында қамауға алынған болатын. ЛА 155 /8 мекемесінің экс-басшысы түрмеде зорлық көрген әйелдің шағымын аяқасты етіп, көз алдындағы қылмысты жасырды деп айыпталған. Енді атышулы іске нүкте қойылып, түзету мекемесін уысында ұстаған басшы бес жылға түрмеге тоғытылды.

Айсара Жылқыбаева,  судья:

-Ермек Омарбеков ҚР Қылмыстық кодекстің 370- бабының 4-бөлігі және 361 баптың 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айыру жөнінде жаза кесілсін. Ол жазасын орташа тәртіптегі мекемеде өтейтін болады.

Экс-басшы көз жұма қарағандықтан түрменің 4 қызметкері бірнеше мәрте зорлап, жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деген Наталья Слекишинаның жанайқайын дүйім жұрт естіген. Тіпті, жәбірленуші жүкті болып, бала босанады. Кейін түрмеде кіндігі кесілген шарананың әкесі ретінде танылған офицер Руслан Хәкімов  9 жылға сотталып, қалған үшеуі сотқа куәгер есебінде қатысқан. Бірақ, адамдықтан аттағандардың барлығы сазайын тартуы тиіс дейді жәбірленуші.

Наталья Слекишина, жәбірленуші:

-Тергеу изоляторында тексеру жүргізілгенде есікте құлып жоқтығын, кедергісіз ашылатынын көрсеткенмін. Тіпті, Омарбеков мені қорқытып, кек қайтаратынын айтқан. Қалғандары да түрмеге қамалғанда көңілім орнына түспек.  Себебі, бұл соңғы адам емес.

Қазір бостандықта жүрген Наталья Слекишинаның өзі де «қарақшылық шабуыл» бабымен 8 жылға сотталған. Алайда, оның кішкентай баласы бар екені ескеріліп, сот жазасын 5 жылға шегерген. Ол әзірге өзіне кесілген жазаның 2 жылын ғана өтеген.

-Әзірге Слекишинаның ісіне қатысты екі адам сотталды. Бірі  офицер Руслан Хәкімов, екіншісі  бүгін ғана үкімін естіген түрменің бұрынғы басшысы Ермек Омарбеков. Сондай-ақ, Омарбековтың мүлкі тәркіленіп, әділет подполковнигі шенінен айырылды. Өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды. Бірақ, 15 күннің ішінде кесілген үкімге қарсы шағымдана алады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде