{metadescription}
Ұлттық Банк төрағасы теңгені туған күнімен құттықтады
Ұлттық Банк төрағасы теңгені туған күнімен құттықтады

Ұлттық Банк төрағасы теңгені туған күнімен құттықтады

Төл валютаға кілең ақ тілектерін жаудырған Ақышев ең бірінші боп теңгеге тұрақтылық тіледі.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банкі төрағасы:

-Ұлттық валютамызға тұрақтылық пен өркендеуді тілеймін! Басқа шетел валюталары алдында әрқашанда мысы басым болсын! Тауар мен бағалар алдында  қашанда құндылығын жоғалтпасын! Ал біз сол үшін қолдан келгенді жасаймыз.

Бүгінгі мерекеге орай құттықтау сөз сөйлеген бас банкир, сірә, төл валютаға ненің жетпейтінін жақсы білсе керек, тілекті тұрақтылықтан бастады. Жүрекжарды құттықтауын әдемі жалғастырған төраға, қуаныш иесіне басқа валюталардың алды болуды да тілеуді ұмытпады. Десе де, қазір теңгенің жағдайы кісі қызығарлық емес. Құны қырғыз сомынан да арзан. Мәселен, ақша айырбастау орындарында 1 сом  4 теңге 85 тиынға сатылып жатыр. Доллар бүгінде  333 теңге. Ал, теңге алғаш айналымға шыққан 93-ші жылы 1 доллар небәрі 4 теңге 75 тиын тұрғанын айта кетейік.                 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.