Елімізде пара алып, тергеуді бұрмалаған жиырмадан астам прокурор шатылып жатыр
Яғни, құзырлы орган қызметкерлері қылмысты ашудың орнына өздері заң бұзған. Олар лауазымын асыра пайдаланып, күдіктіден ауызбастырық алған және кейбір материалдарды жасырып қалуға тырысқан. Мұны Бас прокурордың өзі мойындады.
Автор: Жәудір Оразхан
15.11.2017
Жәудір, қайырлы күн. Жақып Асанов парақор прокурорларға қандай жаза қолданды?
Қайырлы күн, Мәдина. Бас прокурор парақорлардың алыста емес, айналысында жүргеніне өзі де таңырқап отыр. Қазір Асановтың қарамағындағы 20 қызметкерге қатысты іс қозғалған. Мұндай сұмдықты соңғы 15 жылда көрген емеспін дейді Бас прокурор. Араны ашылғандардың әрқайсының қылмысына қарай жазасы да әртүрлі екен.
Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:
-Біреулерін сотқа беріп жатырмыз. Біреулері мойындап, басқа да неше түрлі жолдармен жазаларын жеңіл жолмен алып кетіп жатыр сот арқылы. Әртүрлі әдістері бар ғой қарайтын сотта. Тез қаралатын істер бар. Кінәсін мойындайды, келісімге барады. Мысалы, өткенде бір іс бойынша біз бір әріптесімізді әшкереледік. Осы пара алу жөнінде. Ол мойындап, мен айыппұл төлеуге дайынмын деп. Істі сотқа жібердік. 70 миллион айыппұл төледі.
Қазір қылмыстық істердің барлығы қағаз жүзінде қаралатындықтан, прокурорлар дәлелдерді қалай бұрмаласа да өзі біледі. Яғни, күдіктіден пара алуға да мүмкіндік мол. Тіпті кейде қылмыстық істер мүлдем жоғалып та кетеді екен.
Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:
-Мысалы, біреу бізге арыз жіберсе. Біз бас прокуратура істі сұратамыз. Ол іс екі апта жүреді почтамен. Сосын барып тергеуші ол барлық құжаттарын жібермейді. Өзінің кемшілігін жасыру үшін кейбір құжаттарын алып қалуы мүмкін. Мен онша сенімді емеспін. Кейбір фактілер, кейбір дәлелдер ана сейфінде қалып қойды. Оны қайдан білем мен?
Жәудір, парақор прокурорлармен күресідің жолы бар ма екен? Асанов қарамағындағылардың арасындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты қалай жоймақ?
Иә, Бас прокуратура ол үшін Қылмыстық кодекске бірқатар өзгеріс енгізіпті. Сол жаңа құжатты Жақып Асанов бүгін Мәжіліске алып келді. Оны депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады да. Заң күшіне енсе, қылмыстық істер тек электронды түрде қаралады. Ортақ база болады. Белгілі бір істің кім қалай тергеп жатқанын тиісті орган қызметкрелері компьютер арқылы қарап, бақылап отырады.
Жаңа базадағы мәлімететрді жәбірленуші мен күдікті де көре алады. Бірақ, барлық материалды емес. Кейбір тергеу құпия жүруі мүмкін. Сондай-ақ, Асанов сандық жүйеге көшкен соң прокурорлар өзін қазіргідей Құдайдай сезінетінін «аурудан» да арылатынына сенімді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!