Парижден қымбат пәтер сатып алған қазақ шенеунігіне қатысты тексеріс басталды
Бас прокурор бұл туралы ақпаратты білгенімен, 65 миллион еуроға баспана алған Үкімет өкілінің нақты кім екенінен бейхабар.
Автор: Досжан Маратұлы
15.11.2017
Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:
-Жаңалық оқыдым. Барлығын білемін. Бірақ бұл ақпарттың рас өтірігін тексеру біздің құзырымызға жатпайды. Мұнымен Мемлекеттік кіріс комитеті айналысып жатыр.
Ал, аты аталған комитет әзірге үнсіз. Франция астанасынан екі жарым миллиард теңгеге үй сатып алған Үкімет өкілі жайлы бұған дейін Mansion Global агенттігі жариялаған болатын. Айтуларынша, Пәриждегі ең қымбат пәтер Монтань көшесіндегі элиталық үйде орналасқан. Осы ауданды француздар қаланың «алтын үшбұрышы» деп атап кеткен. Үйден әйгілі Елисей алаңына санаулы минутта жаяу жетуге болады. Нысанның қауіпсіздігі де аса жоғары деңгейде. Тіпті, оның терезелері оқ өтпейтін әйнектен жасалыпты. Ал үйдің аумағы 1200 шаршы метр. Онда бес-бестен жатын, жуынатын бөлме, спа және қонақтарға арналған үлкен зал бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!