«Бозгул Аурум» компаниясы Бірыңғай зейнетақы қорының басшыларына 700 мың доллар пара ұсынған
Алматыда жалғасып жатқан атышулы процесте бүгін сол параны қордың бұрынғы басшысы Руслан Ерданав пен оның орынбасары алғаны айтылды. Зейнетақы қоры былтыр дәл осы "Бозгул Аурумның" 500 мың облигациясын 5 млрд теңгеге сатып алған болатын.
15.11.2017
Сот отырысында тағы бір тың дерек айтылды. Қор төрағасының бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбековтің кеңесімен, «Бозгул Аурум» инвестор ретінде Қырғызстанның зейнетақы қорын да тартпақ болған. Бірақ екі арадағы келіссөз ешқандай нәтиже бермеген екен. Прокурор Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының экс-бастығы Руслан Ерденаев пен бес сыбайласына қатысты айыпты оқып шықты. Олар қордың 5 млрд теңгесін мақсатсыз жұмсағаны үшін және пара алу фактісі бойынша айыпталып отыр. Бірақ, Ерденаевтың адвокаты 700 мың доллар пара алды дегенді жоққа шығарды.
Александр Блок, адвокат:
-Айыптау актіндегі бір құжаттың сипаттамасында басқа сома, қорытындысында мүлде басқа сома көрсетілген. Бұл заңсыз деп ойлаймын. Сондықтан, айыптау актін кері қайтару керек еді. Тиісті өзгертулерді енгізу қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!