{metadescription}
Астанада қымбат көлігімен адам қаққан министрліктің лауазымды қызметкері өз кінәсін мойындады
Астанада қымбат көлігімен адам қаққан министрліктің лауазымды қызметкері өз кінәсін мойындады

Астанада қымбат көлігімен адам қаққан министрліктің лауазымды қызметкері өз кінәсін мойындады

38 жастағы Болат Молдағалиев мұны өзінің интернеттегі парақшасында жазып, ауруханада өлім аузында жатқан Әсел Рымхановадан кешірім сұрапты. Әрі жантүршігерлік апатқа сырқаты себеп болғанын айтып, ақталуға тырысқан.

Болат Молдағалиев:

-Мені барлығы есірткі шеккен бай баласы етіп көрсеткісі келеді. Яғни, бойжеткенді көлігімен таптап өтіп, оқиға орнынан қашып кетті дегендей түсінік қалыптасып жатыр. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды. Рөлде отырғанымда эпилепсия сырқатым ұстап, өзімді басқара алмай қалдым. Жағдай бұдан да қиын болуы мүмкін еді. Қайта жігіттер жүріп бара жатқан көлігімнің есігін ашып машинаны тоқтатты.

Ұлттық экономика министрлігіне қарасты мекеменің басшысы мұны ауруханада жатып жазған. Айтуынша, талма ауруымен ауратын өзіне де шұғыл көмек керек болып, оқиға орнынан жедел жәрдем алып кеткен. Бірақ, Молдағалиев қандай жаза болса да тартуға дайынмын дейді. Айта кетейік, Ақпараттық есептеу орталығының бөлім басшысы үш күн бұрын Есілдің сол жағалауында көлігімен үш адамды қаққан. Оның біріне еш зақым келмеген, екіншісі жеңіл жарақат алып, үшіншісі  ес-түссіз ауруханаға жеткізіліпті. Әсел Рымханова қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. 24 жастағы қызға әлі екі күрделі ота жасалуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде