Атышулы Қайрат Жамалиевтың жазасы тағы да жеңілдеді
Бұл жолы сот бизнесменді қоныс колониясына ауыстырды.
Автор: Досжан Маратұлы
16.11.2017
Мұндай шешімді Жамалиевтың өтініші бойынша Қапшағай қаласының соты шығарған. Негізі қоныс калониясына абайсызда жазым басып немесе жеңіл қылмыс жасағандар жабылады. Бірақ, Жамалиевтың мұнда неліктен ауыстырылғаны әзірге белгісіз. Жалпы, атышулы кәсіпкердің жазасы бұған дейін де жеңілдетілген. Яғни, 2 жыл бұрын тоқалымен ойнас болған Әліби Жұмағұловты өлімші етіп сабағаны үшін о баста 13 жылға сотталып, кейін мерзім 7 жылға қысқарған. Енді оның 3 жылын қатаң және жалпы тәртіптегі түрмеде өткізген Жамалиев қалған 4 жылын қоныс калониясында еркіндікпен өткізбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!