{metadescription}
Алматыда марихуанаға лық толы екі сөмкемен жүрген азамат ұсталды
Алматыда марихуанаға лық толы екі сөмкемен жүрген азамат ұсталды

Алматыда марихуанаға лық толы екі сөмкемен жүрген азамат ұсталды

Жоспар бойынша поездға отырып, Өскеменге кетуі тиіс болған. Бірақ, бұл айласы жүзеге аспады.

Жедел басқару тобы вагонға жетпей, вокзал аумағында оның жолын кесті. Тінту барысында, екі сөмкеден жалпы көлемі 27 келі болатын марихуана шыққан.  Күдіктінің айтуынша бейтаныс жігіттер 20 мың теңге беріп, Өскеменге дейін алып кетуін өтінген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бір белгілісі бұл азамат осыған дейін де істі болған.

Индира Дешко,Ішкі істер желілік басқармасының тергеушісі:

-Қазіргі уақытта оған қатысты шара қабылданып, екі айға дейін қамауға алынды. Ол қылмыстық кодекстің 296 бабы бойынша тергеліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде