{metadescription}
Қарағанды облысында  жолаушылар автобусы отқа оранды
Қарағанды облысында  жолаушылар автобусы отқа оранды

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы отқа оранды

Қарағанды мен Теміртаудың арасында жолаушылар тасымалдап жүрген автобус тас жолда дымы қалмай жанып кетті. Құдай сақтағанда қызыл жалынға оранған қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.  

107-ші бағыттағы автобус жұмысын аяқтап автопаркке қайтып келе жатқан кезде өрт шыққан. Қас пен көздің арасында қызыл жалынға оранған көлік санаулы секундттарда күлге айналды. Ішіндегі кондукторы мен жүргізушісі қашып шығып үлгеріпті. Мамандардың болжамы бойынша от электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Естеріңізге салсақ, осыдан бір ай бұрын Жезқазғанда да қоғамдық көлік өртеніп, жүргізуші мен кондукторы оңбай күйген еді. Ағайынды жігіттердің бірі денесінің 95 пайызын от шарпып, соның салдарынан бір аптадан соң есін жимастан жан тапсырды. Екіншісі әлі емделіп жатыр. Өрт сөндірушілердің айтуынша, жыл басынан бері бұл өңірде 216 көлік өртеніп кеткен.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде