Мемлекеттен әлеуметтік көмек алып отырған азаматтар әр үш ай сайын Үкіметке есеп тапсыруы тиіс
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осындай бұйрық шығарды. Жаңа талап жаңа жылдан бастап жүзеге асады.
Автор: Жәудір Оразхан
16.11.2017
Ал арнайы жәрдемақы мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы отбасыларға, жағдайы төмен жанұялар мен жұмыс істеуге қауқарсыз адамдарға төленеді. Қазір елімізде әлеуметтік көмектің үш түрі бар. Олардың бәрін қосқанда отбасындағы әр адамға ай сайын 6396 теңгеден тиеді. Енді осы жәрдемақыны алып отырғандар үш ай сайын үйдегі адам саны мен жанұя мүшелерінің табысына қатысты есеп беруі тиіс. Егер отбасының кірісі артса немесе адам саны азайса, министрлік жәрдемақыны да қайта санайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!