{metadescription}
Вице-премьер Париждегі қымбат пәтердің қожайыны қазақ шенеунігі екеніне сенбейді
Вице-премьер Париждегі қымбат пәтердің қожайыны қазақ шенеунігі екеніне сенбейді

Вице-премьер Париждегі қымбат пәтердің қожайыны қазақ шенеунігі екеніне сенбейді

Ерболат Досаев Үкімет мүшесі 25 миллиард теңгеге Франция астанасынан пәтер сатып алды дегенді өсекке теңеді.

- Идёт шум по поводу квартиры в Париже.

- Я не понимаю, в чём вопрос. Никто не подтвердил.

- Это неправда, вы считаете?

- Я не знаю. Это вы питаетесь слухами.

Елисей алаңында аумағы 1200 шаршы метр үйі бар азамат Үкімет мүшесі деп, жұртты даурықтырып жүрген журналистерді дейді Досаев. Ал Францияның жылжымайтын мүлік агенттігі Монтань көшесіндегі элиталық үйден ең қымбат баспананы қазақ шенеунігі сатып алды дегеннен танбай отыр. Бірақ аты-жөнін жариялаудан бас тартты. 65 миллион еуро тұратын зәулім үйдің терезесінен оқ өтпейді, СПА алаңы, бірнеше бөлмесі бар. Оған қоса бай-бағлан Мерседес маркалы төрт премиум көлік алған. Жылжымайтын мүлік жайлы бұған дейін Бас прокуратура мемлекеттік кірістер комитеті тексеруі керек деген болатын. Бір қызығы алғашында Қаржы министрі Париждегі пәтер туралы түк білмеймін десе, енді тексеріске кірістік деп ақталды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Бәріміз естідік. Бір риэлторлер Үкіметтің өкілі сатып алды деген. Салық жүйесінде халықаралық ақпарат алмасу туралы  шарт бар., Тиісті сұрауды  жібердік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде