{metadescription}
Алматыда жолда жүру жылдамдығы әр жолақта әр түрлі болмақ
Алматыда жолда жүру жылдамдығы әр жолақта әр түрлі болмақ

Алматыда жолда жүру жылдамдығы әр жолақта әр түрлі болмақ

Бүгін журналистермен жүздескен полицейлер осылай деп отыр. Сондай-ақ, өткен тоғыз айды қортындылаған олар, ережесін бұзған жүргізішулерге 2 миллиардтан астам теңге айыппұл салыпты. Үкімет жол жүру ережесіне өзгеріс енгізілген қаулы қабылдағаннан соң, ширақтық танытуға тырысқан сақшылар жаңа талап пен міндеттің ара-жігін ажыратуға кірісіп кеткен. Толығырақ тікелей байланысқа шыққалы тұрған әріптесім Мақсат Мәлік айтып береді.

Иә, 2 миллард теңге естілгенде, көпшіліктің есеңгіреп қалатыны анық. Көрсетілген сома толықтай өндірілсе, бюджеттің тақиясына тар келмес.

Ал, Алматыда соңғы уақыттары жүргізушілердің кінәсінен 3689 жол апаты болған. Оның кесірен 84 адам бақиға аттаныпты. Төрт мыңнан астам адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған. Сондай-ақ, қалада балаларға қатысты 803 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өкінштісі 4 бала қаза тауыпты.

Әрине, тәртіп сақшылары жақында ғана Үкімет қаулысымен өзгеріс енгізілген жол ержесін іске асыру барысында ауқымды шаралар атқарып жатқанын да айтты. Сонымен қатар, қарапайым жүргізушілердің көкейінде жүрген сауалдарға да жауап берілді. Мәселен, бұған дейін қаладағы басты магистраль көшелерде солға бұрылып, кері қайтатын үзіктірді жауып тастағанға көптеген тұрғындар наразылық білдірген болатын. Алайда, тәртіп сақшыларының өз айтары бар екен.

Жандос Мұратәлиев,Алматы қалалық ІІД басқарма бастығының орынбасары:

-Біз Әл-Фараби-Ремизовканы жапқанымызда бір жылға дейін шағым түсіп тұрды. Барлығы Жароков көшесіне дейін барып, айналып келудің қиындығын айтқан. Ал, біз сол бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының 90 пайызға азайғанын аңғардық.

-Мақсат, қалдағы көлік жүргізушілердің көбісі көше бойында «Крис-П», яғни үш аяқты бейне-бақылау қондырғасының қойылғанына наразылық білдіріп жатады. Бұған тәртіп сақшыларының айтары бар ма?

Иә, бүгін бұл сұрақты сақшыларға да қойдық. Алайда, қандай себепте көше бойына қойылатынына жауап бермеді. Бірақ, бәріне  жылдамдықты асыратын жүргізушілердің өздері кінәлі деп отыр.

Жандос Мұратәлиев,Алматы қалалық ІІД басқарма бастығының орынбасары:

-Әл-Фарабидің бойында мәселен 80 шақырым. Өзіңіз айтып отырғандай. Бірақ, жүргізушілер жылдамдықты асырып, 100-120 жүреді де, камераға түседі. Сосын, неге мына жерге «Крис-П» қойып қойдыңдар деп шағымданады.

Айта кетейік, қалада соңғы уақыттары апаттық жағдай туғызу, қарсы бетке өтіп кету, жаяу жүргіншіні өткізбеу секілді жол ережесін бұзу деректері көп кездеседі екен. Әсіресе, биыл 250 мың жол ережесін құлағына да ілмеген жүргізушілерге 2 миллиард теңгеден астам айыппұл салыныпты.

Енді көлікті тізгіндегендерге қатысты тағы бір ақпарат. Жаңа ережеге орай, қала көшелерінде әр жолақ бойынша жылдамдық әр түрлі болатынын айтады сақшылар. Мәселен, бірінші жолақта 40, екіншіде 60, ал үшіншіде 80 шақырым жылдамдық деген белгі тұруы мүмкін. Ал, мұндай жаңалықты жүргізушілердің қалай қабылдайтыны әзірге белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.