Елорданың ең сұлу қызы анықталды
Автор: Досжан Маратұлы
17.11.2017
«Мисс-Астана 2017» байқауын биыл 21 жастағы Нұрсұлу Бегжанова жеңіп алды. 18 арудың ішінен оза шыққан сылқым қыз енді «Қазақстан аруы» байқауында Астананың атынан өнер көрсетпек.
Астана аруы атағы үшін таласқа түскен қыздар бірінен-бірі өтеді.
Шетінен сұлу сылқымдарды ұйымдастырушылар қатаң іріктеп алған.
Алғышқыда байқауға қатысуға 300-ге жуық қыз ниет білдіргенімен, сәні мен сымбаты келіскен 18 бойжеткен ғана ақтық сынға өтіпті.
Ольга Радеш, «Мисс Астана-2017» байқауының ұйымдастырушысы:
-Қыздардың барлығы 17 мен 24 жас аралығындағы Астананың студенттері. Бойлары 170-180 сантиметр. Ең бастысы келбеті мен дене бітіміне аса мән бердік. Олар бұрыңғыдай іш киіммен шығып өнер көрсетпейді.
Ал, байқау төрт кезеңнен тұрды. Сұлулар алдымен өздерін таныстырып, кейін би биледі.
Биден кейін бойжеткендер жеке-жеке сахнаға шықты. Ары-бері жүріп-тұрып, сұлулығын көрсетті. Бұдан соң, қазылар алқасы лайықты сылқымды анықтауға кірісті. Бір айта кетерлігі оның құрамына дизайнерлерден бастап, әнші, боксшыларға дейін кірген. Сөйтіп, олар көп ұзамай 21 жастағы Нұрсұлу Бегжанованы Астананың ең сұлу қызы деп тапты. Бақыттан басы айналған студентке диадеманы Астананың былтырғы миссі табыс етті.
Нұрсұлу Бегжанова, «Мисс Астана-2017» байқауының жеңімпазы:
-Қуаныштымын, өте бақыттымын. Осы сайысты жеңу үшін ұзақ дайындалдым. Қыздардың барлығы сұлу болды қатты қорықтым.Жеңісімді Елордаға арнаймын.
Жеңісін Астанаға арнаған алматылық Нұрсұлу Қазақ Ұлттық хореографиялық академиясының 2-ші курс студенті. Енді ол жақында өтетін «Қазақстан аруы» байқасына Елорданың атынан қатысады. Ал, бірінші вице және вице мисс атақтарын 18 жастағы Анастасия Шимкина мен Маймұна Күлкешова жеңіп алды. Бір айта кетерлігі сұлу атанған қыздарға биыл қаржылай сыйлық болған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!