Теміртауда шағын несие беретін ұйымды тонаған 30 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты
Ол тамыздың аяғында тапа-тал түсте мекеме кассиріне пышақ кезеп, қомақты соманы алып кеткен еді.
Автор: Саят Сабдалы
17.11.2017
Әбден елірген жігіт өзінің бейнебақылау камерасына түсіп жатқанына да пысқырмаған. Кассадан 174 мың теңгеге әкеткенімен, бір бөтелке арақ қана алып үлгеріпті. Соны тауысып, есеңгіреп отырған жерінде қолға түскен. Кейін белгілі болғанындай, ол құрбысымен қыдырып, ақшасы таусылғанда несие алуға осы жерге келген екен. Жоқ деген жауап естісімен есі кетіп, пышаққа жармасқан. Сері жігіт жасаған қылмысы үшін бүгін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, дүние-мүлкі тәркіленіп, түрмеде маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!