Қарағанды облысында балық қырылған Сарысудағы суға жасалған сараптама қорытындысы шықты
Соған сүйенген мамандар бұл өзендегі балықтың жаппай қырылуы судан емес деп отыр.
Автор: Саят Сабдалы
17.11.2017
Лариса Левченко, Қарағанды облыстық экология басқармасының қызметкері:
-Суда марганец пен темірдің мөлшері артпаған. Қайта сульфаттың көлемі 10 есеге дейін көбейгенін анықтадық. Бірақ бұл қарапайым тұз десек болады. Оның балыққа зияны жоқ.
Балыққа ауа жетпей тұншығып өлді деуге де негіз жоқ екен. Өйткені судағы оттегі құрамы да жеткілікті көрінеді. Ал өлген балықты зерттеген химиялық зертхана ешқандай инфекция таппаған. Осылайша балықтың қырылуына нақты не себеп болғанын қарағандылық мамандар ақыры айта алмады. Сондықтан енді материал жан-жақты сараптама жүргізе алатын балық шаруашылығы институтына жіберілмек. Естеріңізге салсақ, қазанның 25-і күні балықшылар Сарысу балығының қырылып жатқанын айтып дабыл қаққан еді. Кейін, осы өзенінің 15 шақырым аумағында 1 тоннаға жуық балықтың өлгені анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!