{metadescription}
Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігерді жамандаймын деп жауапқа тартылуда
Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігерді жамандаймын деп жауапқа тартылуда

Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігерді жамандаймын деп жауапқа тартылуда

«Күйеуімнің саусағы іріңдеп ауруханада барғанда, дәрігерлер мас болып, дұрыс қарамады» деген Марина Ермакованың әлеуметтік желіге жариялаған жазбасына қатысты дәрігерлер арыз түсірген. Бүгінгі сотта осы дауға нүкте қойылды.

Оқиға қыркүйек айында болған. Марина Ермакованың күйеуі саусағы іріңдеп кетіп, екеуі қалалық аурухананың қабылдау бөліміне барыпты. Сол күні хирург Болат Біләлов кезекші екен. Кешқұрым келген пациенттерді ол амбулаториялық хирургия орталығына жібереді. Онда қызмет ақылы болғанына ашуланған Марина шу шығарған. Ақыры үйіне келіп, ғаламтор арқылы дәрігердің мас болғаны, тіпті төбелеспек болып тап бергені туралы жазған. Сөйтіп, Біләловтің басы дауға қалады.

Болат Біләлов, шағымданушы:

-Қазір дәрігерден жаман адам жоқ. Адам өлтіруші де, мүгедек ететін де, тіпті маскүнем де дәрігер ме? Білесіз бе, менің таныстарым шетелден хабарласты. Мас болып, жұмыста отырғаның рас па деп? Қаншама пациенттерімнің, жақын туыстарымның алдында масқара болдым.

Ертеңіне дәрігерді басшылары бірден наркология орталығына сараптамаға жіберген. Ол жақта оның арақ ішпегені анықталыпты. Сосын өзіне жала жауып, масқаралағаны үшін Ермакованы сотқа берген.

-Дәрігер мен пациенттің арасындағы жанжалды сот екі ай қарады. Ғаламторды шулатып, жоғары санатты хирургке жала жапқан тарап осы уақыт аралығында одан кешірім де сұрамапты. Сотта ерлі-зайыпты Ермаковтар сол сәтте дәрігер мас болды дегенді дәлелдеуге тырысумен болған.

Десе де сот Марина Ермакованың бір жылға бостандығын шектеді. Сондай-ақ, әйелді 100 мың теңге моральдық шығын өтеуге міндеттеді. Алайда, үкіммен келіспеген Марина апелляциялық шағым түсірмекші.

Марина Ермакова, сотталушы:

-Дәрігер сол жазбадағы мас болды дегенді ғана көріп отыр. Бұл жерде негізінен олардың күйеуіме көмек көрсетпегені жазылған. Ол қант диабетімен диспансерлік есепте тұр. Сондықтан оның жарақатпен көп жүруіне болмайды. Қарсы шағым жазамын.

Бас бостандығы шектелген келіншек енді бір жыл бойы көпшілік көңіл көтеретін, бас қосатын жерлерге бара алмайды. Яғни әрбір жүрісі өкілетті органдардың қадағалауында болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде