Алматыда автобусты соғып қашқан жүргізуші іздестіріліп жатыр
Белгісіз азамат өз жолаушысы мен қоғамдық көлік жүргізушісінің жараланғанына қарамастан, жедел-жәрдемді де шақыртпай кетіп қалған.
Автор: Аруна Ортай
17.11.2017
Оқиға түнде болған. 103-ші бағыттағы автобус пен Тойота Камри көлігі соқтығысып, салдарынан екі адам ауыр халде ауруханаға түскен. Оның бірі- автобус жүргізушісі болса, екіншісі- жеңіл көлік жолаушысы. Десе де, «Тойота» тізгініндегі адам, оларға жедел-жәрдем шақыртпастан оқиға орнын тастап кетіп қалған. Кейбір мәліметтер бойынша із суытқан азамат «сау жүргізуші» қызметі бойынша жалданып жұмыс істеген болуы мүмкін. Қазір оны полиция қаланың түкпір-түкпірінен іздеп жатыр. Табылған күні жол апатына кінәлі болмаса да, зардап шеккендерді тастап кеткені үшін 2 немесе 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
-Ол міндетті түрде ұсталып,жауапкершілікке тартылатын болады. Ал қандай жауапкершілік екенін сот-медициналық сараптамадан кейін анықтайтын боламыз. Өйткені, жәбір көрген азаматтың алған дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!