{metadescription}
Алматыдағы №173 мектепте жаппай газдан уланған балалардың денсаулығы бірқалыпты
Алматыдағы №173 мектепте жаппай газдан уланған балалардың денсаулығы бірқалыпты

Алматыдағы №173 мектепте жаппай газдан уланған балалардың денсаулығы бірқалыпты

Өткен жұмада 37 оқушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген еді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда  бәрі үйлеріне қайтарылған.

Дәрігерлер белгісіз газбен улану диагнозын қойған. Тергеушілер мәселенің мән-жайын егжей-тегжейлі анықтап жатыр. Балалардың жаппай улануына 7-сынып оқушысы себепкер. Үзіліс кезінде дәлізде құтыдан  ауаға улы газды  шашқан.  Сол сәтте дәлізде тұрған балалардың көзі жасаурап, қақалып, тұншыққан.  Қазір оқушылардың бәрі амбулаторлық бақылауда. Ал, болған жайға кінәлі оқушымен түсіндіру жұмысы жүргізілген. Ешқандай жаза қолданылмады.

Әсел Бейсенбаева, Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы:

-Бір тәулік бойына балалар қажетті ем-домды алды. 18-ші қараша күні 29 оқушыны ауруханадан шығардық. Ал, жан сақтау бөлімінде қалған бала келесі күні жалпы палатаға ауыстырылып, артынша денсаулығы бірқалыпты болғандықтан, үйіне қайтарылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.