Алматының қоғамдық көліктері алғашқы кедергісіз қимылдайтын арнайы жолақпен жүре бастады
Қала бойынша «жүрдек автобустар тасымалы» жобасының бірінші бөлігі Мұстафин, Рысқұлбеков және Сүлейменов көшелерінде жасалған.
Автор: Мақсат Мәлік
20.11.2017
Арнайы жолаққа автобустан басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Жаңа жоба желтоқсанның 1-не дейін тесттік тәртіпте енгізілгендіктен, әзірге ереже бұзған жеке жүргізушілерге ешқандай айыппұл салынбайды. Бірақ, он күннің ішінде түсіндіру жұмыстары аяқталғасын арнайы жолаққа еніп кеткендер жазаланбақ. Қазір үш көшемен өтетін жолақтың ұзындығы 8 жарым шақырымға жетіп отыр. Бұған дейін осы жолақпен 18 метрлік автобустар жүретіні айтылған болатын. Ал, «жүрдек автобустар тасымалы» жобасының Жандосов пен Тимирязев көшелеріне арналған екінші бөлігін іске асырау жұмыстары келер жылдың жаз айларында басталуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!