Шымкенттік иттерді америкалықтар үйретіп жатыр
Мұхиттың ар жағынан келген кинологтар тұтас курстар ұйымдастырып, иісшіл төбеттерді бүгіннен бастап қылмыстың жолын кесуге үйретуде
Автор: Бек Әбиев
20.11.2017
АҚШ елшілігі ұйымдастырған арнайы шараға қазақ-өзбек шекарасындағы 30 төбеттің 5-уі ғана қатысуға рұқсат алыпы. Енді осы 5 ит үшін бір ай бойы тер төгетін америкалық кинолог бүгін шекарашы-төбеттердің өнерімен танысып көрді. Ол жарылғыш заттарды, ірі көлемдегі тығылған ақшаны табудан алдына қара салмайтын біздің иттердің өнеріне тәнті болды. Енді шымкенттік төбеттер үшін АҚШ-тан арнайы келген маман Карл Ньюкомб қарашаның соңына дейін қарапайым шекарашы-иттерге жаңа иістерді үйретпекші.
Карл Ньюкомб, инструктор-кинолог:
- Төбеттерді «амфеталин», «кокаин» және «экстази» секілді есірткінің иісіне үйретіп, жазбай танитындай етпекшіміз. Ешқандай боялмаған кәдімгі ақ орамалдың ішіне есірткіні салып, итпен тартыспақ ойнау арқылы үйретіледі. Ойын арқылы үйренсе, олар есірткіге де тәуелді болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!