{metadescription}
Көкшетауда алаяқ әйелдер пайда болды
Көкшетауда алаяқ әйелдер пайда болды

Көкшетауда алаяқ әйелдер пайда болды

Қазір полиция азық-түлік дүкендерінің сатушыларына ірі купюра көрсетіп, бірақ оны бермей-ақ, тауар бағасының артылған мөлшерін алып алатын әйелдерді іздеп жатыр.

Сауда орнында бейнебақылау камерасына түсіп қалған мына бейнетаспада жас келіншек 10 мың теңгелік купюраны сатушыға жылт еткізіп көрсетті де, әмиянына қайтадан сала салды. Әрине, сөзге тартып тұрды. Сол сәтте, өзі еңкейіп ақшасы жерге түсіп кеткендей кейіп танытып жатыр. Ал сатушы сұраған тауарын алып берді де, 10 мың теңгені алдым деп ойлап, оның артылған мөлшерін әйелге санап берді. Дәл осындай жағдай Көкшетаудың тағы бір азық-түлік дүкенінде болған. Онда тұтынушының рөлінде басқа әйел. Ол да 10 мың теңгелік купюра алып шықты. Дәл сондай әдіспен сатушыны алдап түсірді. Бұл әйелдердің бір-біріне қатысы бар-жоғы және қанша адамды алдағаны әзірге белгісіз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде