Мугабе өз еркімен отставкаға кетпесе оған импичмент жариялануы мүмкін
Биліктен шеттетіліп жатқан Мугабе жылы орнын босатуға асығар емес! Зимбабве президенті халыққа жолдаған үндеуінде отставкаға кететіні туралы мәлімдеген жоқ. Енді өз еркімен тақтан түспеген оған билік партиясы импичмент жариялауы мүмкін.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
20.11.2017
Кеше зимбабвеліктер 20 минут бойы Роберт Мугабенің мәлімдемесін тыңдады. Көпшілік оны осы жолы биліктен кетеді деп сенген. Бірақ, бұл сенімдері су сепкендей басылды. Президент отставка туралы айтудың орнына, жұртқа түн тыныштығын тілеген. Әрі басқарушы партияның желтоқсанда өтетін сьезіне төрағалық етуге ниетті екенін де айтып қалды. Бұған қоса, елде болып жатқан оқиғалар оның билігіне еш қауіп төндірмейтінін жеткізді. Негізі президентке өзі басқарған партия биліктен кетуге бір күн уақыт берген болатын. Әйтпесе, оған қарсы импичмент жарияланатынын да ескерткен. Ал, одан бір күн бұрын ел астанасында мыңдаған адам көшеге шығып, Мугабені биліктен шеттеткен әскерилерге қолдау білдірді. 93 жастағы президент Зимбабве Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған кезден бастап, яғни 1980 жылдан бері ел басқарып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!