{metadescription}
Алматыда элиталы пәтер иелеріне тықыр таяды
Алматыда элиталы пәтер иелеріне тықыр таяды

Алматыда элиталы пәтер иелеріне тықыр таяды

Қымбат үйін жалға беріп, алайда салық төлеуден қашып жүрген қалталыларға жаппай айыппұл салына бастады. Қызығы сол, тапқан табысын мемлекетпен бөліскісі келмегендерді басқа емес, өз көршілері ұстап беріп жатыр екен.  

Кілең бай-бағландар тұратын Медеу ауданында 7 мыңға жуық пәтер жасырын жалға беріліп жүріпті. Салық төлемегені үшін істі болатынын естіген 2 мыңға жуық қалталы жалмажан жеке кәсіпкерлік ашқан. Ал қалғандары жалға беруді кілт тоқтатыпты. Алматыда тек 5 мыңға жуық азамат қана заңды түрде пәтерді жалға берумен айналысады екен. Жыл басынан бері олар қазынаға 46 миллион теңге пайда түсірген. Десе де, салықшылар әлде де жасырын жалға берушілер көп дейді. Әсіресе, элиталы пәтер иелері ай сайын 500 мыңға дейін, ал сағаттап өткізгенде 25 мың теңге пайдаға кенеліп жүрген көрінеді. Кіріп-шығып жүрген бөтен адамдардан мезі болған көршілері заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандарды ұстап беріп жатса, қалғандарын ғаламтордағы хабарландыру арқылы тапқан. Пайданы жасырғандарға соңғы ескерту жасаған мемлекеттік кіріс департаментіндегілер өз еркімен жеке кәсіпкерлік ашуға 1 апта уақыт берді.

Заңғар Шыңдәлі, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшысы:

-Бір апта уақыт бердік. Бұлар туралы мәліметті біз интернет хабарландырулардан алдық. Қай пәтер, қанша теңгеге тапсырылатыны туралы мәліметтер бар. Оларды табуға және қанша табыс табанын анықтауға еш қиындыққа соқпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде