Алматының автобустары арнайы жолақпен жүре бастады
Жылдамдықпен жүйіткитін жолақ! Алматының қоғамдық көліктері алғашқы кедергісіз қимылдайтын арнайы жолақпен жүре бастады. Қала бойынша «жүрдек автобустар тасымалы» жобасының бірінші бөлігі Мұстафин, Рысқұлбеков және Сүлейменов көшелерінде жасалған.
Автор: Мақсат Мәлік
20.11.2017
Жаңа ережеге сәйкес, бұл көшелерде автобустар сол жақ жолақпен жүреді. Аялдамалар жолдың ортасында орналасқандықтан, жеке көліктердің оң қапталдағы жолақпен жүруіне рұқсат етілген. Дегенмен, арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Жаңа жоба желтоқсанның 1-не дейін тесттік тәртіпте енгізілгендіктен, әзірге ереже бұзған жеке жүргізушілерге ешқандай айыппұл салынбайды. Бірақ, он күннің ішінде түсіндіру жұмыстары аяқталғасын арнайы жолаққа еніп кеткендер жазаланбақ. Ал, «жүрдек автобустар тасымалы» жобасының Жандосов пен Тимирязев көшелеріне арналған екінші бөлігін іске асырау жұмыстары келер жылдың жаз айларында басталуы тиіс. Алайда, бүгін жоңа жоба қолданысқа енді дегенімен, әлі де жөндеу жұмыстары аяқталмапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!