Абаев халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ауқымды реформаның тиімділігін түсіндірді
Үкімет азаматтарға қатысты құпия мәліметтерді банктерге бермек. Ақпарат министрлігі мүлік, зейнетақы қорына жиған қаржы, сотталмаған және мекен-жайы туралы анықтаманы коммерциялық ұйымдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге қолжетімді етеміз деп отыр. Ол үшін бірнеше министрліктің ақпараты бірігеді де, ортақ база құрылмақ.
Автор: Жәудір Оразхан
20.11.2017
-Ақпарат министрлігіндегілер жұрт жиі сұрайтын анықтамаларға сараптама жасап, жоғары сұранысқа ие бес құжатты белгілеген. Мәселен, былтыр Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарға 23 миллион анықтама беріпті. Ал адам көп болғандықтан, операторлар тапсырысты жылдам орындап үлгере алмайды.
Сондықтан, министрлік анықтама сұрататын мемлекеттік мекемелер мен банктерге азаматтардың жеке мәліметтері жазылған базаға кіруге мүмкіндік бермек. Әрине, алдымен смс жіберіп, иесінің келісімін алады.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
-Ол мекен-жай туралы, сотталмағаны туралы осындай бес анықтаманы белгіледік. Осыны біз енді адамдар ары-бері бір мемлекеттік орыннан екінші мемлекеттік орынға апармау үшін осы мемлекеттік органдардың арасындағы ақпараттық жүйені интеграциялау мәселесін қарастырып жатырмыз.
Ішкі істер мен Әділет министрліктері сынды бірнеше мемлекеттік ведомствоның ақпараттық жүйесі бірігіп, ортақ база құрылады. Сонда тұрғындардың мекен-жайы, мүлкі, зейнетақы қорына аударған ақшасы, сотталмағаны туралы анықта банктер мен мемлекеттік мекемелерге ашық болмақ. Мәселен, банкке клиенттің мекен-жайы немесе мүлкі туралы ақпарат қажет болса, менеджер қазіргідей анықтама сұратпайды. Азаматтың рұқсатымен компьютеріндегі базадан бар мәліметті өзі шығарып алады. Сонда Халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызметкерлердің жұмысы да жеңілдейді екен. Және жұрт ары-бері жүгіріп әуре болмайды. Ал алматылық келіншектің жеке мәліметіне қатысты даудан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығындағы тәртіп өзгеріпті. Қазір орталық қызметкерлері азаматтарға қатысты ақпаратты рұқсатсыз аша алмайды екен.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
-Алматыдағы оқиғадан кейін 60-тан астам азаматтан арыз түсті. Бірақ олардың жеке мәліметтері ұрланғаны расталмады. Адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен жеке кабинетіне кіріп, көмектесуін сұрайды да, оны өздері ұмытып кетеді. Кейін түсініспеуішлік туындайды.
Сондай-ақ, жуырда Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаппай электронды жүйеге көшпек. Сонда мемлекеттік қызмет операторлардың көмегінсіз, автоматты түрде көрсетіледі. Орталықтарға терминалдар қойылады, әркім өзіне керек анықтаманы сол жерден шығарып алады.
-Бұл өзгерістердің барлығы жаңа жылда жүзеге асады. Әзірге Азаматтарға арналған үкімет реформаға дайындық үстінде. Мәжілістегі Үкімет сағатында ВИП-нөмірлерден түскен табыс жайлы да айталды. Ішкі істер министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көлік иелеріне 15 мың 760 нөмір сатыпты. Бюджетке 5 миллиард 548 миллион теңге түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!