Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлармен күресті күшейтуге тағы пәрмен берді
Бюджетті тонап, пара алғандардың шен-шекпеніне қарамау керек деді президент. Бүгін кабинетіне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты шақыртқан Елбасы оған ешкімнен қорықпауға кеңес берді.
Автор: Азамат Алдоңғар
20.11.2017
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Қызметкерлерге, лауазымды адамдарға, маған жақын адамдардың барлығына, ешкімге ешқандай жеңілдік болмайды. Заңды түрде шұғылданамыз. Сондықтан тағы айтатынымыз барлық қызметкерлерге, жергілікті басшыларға, әкімшіліктерге, мемлекеттің қаржысын үнемдеу керек, ол қаржыға қожа ретінде қарау керек. Мемлекеттің ақшасы халықтың ақшасы.
Сол жемқорлықпен күреске жауапты Қожамжаров агенттік биыл 3400 қылмыстық істі әшкерелеп, мыңын сотқа бергенін айтты. Осы «бармақ басты, көз қыстының» кесірінен мемлекетке 15 млрд теңге шығын келіпті. Оның 11 млрд теңгесі ақшалай, 7 млрды жеке мүлік, құнды заттармен қайтарылыпты. Қожамжаровтың есебін мұқят тыңдаған президент оған парақорлармен күресті бір сәтке де босаңсытпауды мықтап тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!