Шекарадағы шиеленіс: Қорғаста жүздеген көлік кептеліп қалды
Қазақ-қытай шекарасында кептеліс. Қорғаста төрт күннен бері 200-ден астам көлік Қытайға қарай өте алмай тұр. Кедендегі иін тірескен кезектің неден туғанын ашулы жүргізушілерге ешкім де түсіндірмеген.
Автор: Асыл Махмет
20.11.2017
Ебін тапқандар, осылайша ақша беріп, қарсы бетпен өтіп кетеді екен. Ал оған келіспегендер, болмаса тамыр-танысы жоқтар тәуліктеп тұруға мәжбүр. Жүргізушілер тамақтарын да көлік ішінде ішіп, сонда түнеп жүр. Ұзындығы 4 шақырымға жетіп жығылатын кептелістің қашан тарайтыны әзірге белгісіз. Кеденшілер де жұмған ауыздарын ашпай отыр.
Игорь, көлік жүргізушісі:
-100 доллар бергендер демде өтіп кетеді. Шекара қызметіндегілердің осында өз делдалдары бар. Әйтпесе, қарсы бетпен ешкімді жүргізбеуі керек қой. Өз басым кезегімді күткеніме төрт тәуліктен асты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!