{metadescription}
Оралда жарылыстан зардап шеккен келіншек көмекке зәру
Оралда жарылыстан зардап шеккен келіншек көмекке зәру

Оралда жарылыстан зардап шеккен келіншек көмекке зәру

Газ жарылысынан денесінің 80 пайызы күйіп қалған әйелге шұғыл түрде астаналық мамандардың көмегі қажет. Алайда елордалық дәрігерлер үш күннен бері Оралға жете алмай жатқан көрінеді.

Бұл туралы жансақтау бөлімінде жатқан  Гүлсезім Сүндетованың туыстары айтып отыр. Негізі астаналық ақ халаттылар оқыс оқиға болған күні-ақ Оралға ұшып келіп, келіншекті санавиациямен алып кетуі тиіс еді. Бірақ белгісіз себептермен әлі келмепті. Естеріңізге сала кетейік, Оралда газ балоны жарылып 37 жастағы келіншек зардап шекті. Ол таңғы уақытта шәй әзірлемек болып ас үйге кірген бетте жарылыс болған. Денесінің 80 пайызы күйіп қалған Гүлсезім қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Өкнішке қарай, жүкті әйелдің құрсағындағы нәресте өліп қалған. Одан өзге отбасындағы 5 адам да ыстан уланып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер келіншектің күйеуі мен 3 балаға және олардың әжесіне көмек көрсетіп, үйлеріне қайтарыпты.

Әселім Сүндетова, зардап шеккен келіншектің туысы:

-Астанаға алып кеткенін қалаймыз. Астанада жақсы қарайтын шығар деп Астанадан жақсы хабар күтіп отырмыз. Артында балалары бар. Солар үшін ұмтылуы керек. Апамыздың жазылып кеткенін қалаймыз

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде