{metadescription}
Оралдық жүргізушілер қаладағы жылдамдық өлшегіш құралдардың бірінде ақау бар деп дабыл қағуда
Оралдық жүргізушілер қаладағы жылдамдық өлшегіш құралдардың бірінде ақау бар деп дабыл қағуда

Оралдық жүргізушілер қаладағы жылдамдық өлшегіш құралдардың бірінде ақау бар деп дабыл қағуда

Айтуларынша, оларға жол ережесін бұзды деп салынған айыппұлдар еш негізсіз. Ал тәртіп сақшылары техникада еш ақау жоқ, жол ережесін бұзған жүргізушілер ақша төлегісі келмейді деп отыр.

Қала полициясы ғимаратының алдына жиналған мына жұрттың бәрі сол   жылдамдық өлшегіш құралдан зардап шеккендер. Кейбірі тіпті  өздеріне айыппұл салынғаны туралы бірнеше хаттан алыпты.

Светлана Гаврилина, Орал қаласының тұрғыны?

-Менің отбасым 130 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. Бұл біз үшін өте көп ақша. Кішкентай балам бар. Бұл қаржыға оған қысқы киім алар едім. Болмаса бір үйірмеге жазып, бір жылдық ақысын да төлер ме едім. Енді баламның аузынан жырып, бар ақшамды дұрыс жұмыс істемейтін техника үшін төлеуім керек. Біз мұнда  80-90 адам жиналып тұрмыз. Бәрі бірдей жылдамдық асыра бермеген шығар.

Оралдық Ержан Құнанбаев та жол ережесін бұзбауға тырысамын дейді. Алайда айыппұл салынғаны туралы бірінші хат келгенде қатты таң қалған. Екіншісін алғанда, тіпті естен тана жаздапты. Ал төртінші хат келгенде, бәрін құшақтап осында жеткен.

-Менің машинамның   тәртіп сақшыларының көлігінің артынан келе жатқаны анық көрініп тұр. Олардың алдына шығып кете алмайын ғой. Сонда олар да жол ережесін бұзған болып тұр ма?

Бір-бірін әлеуметтік желіден тапқан жүргізушілер бір кісідей жиналып, таң атпай полиция ғимараты маңына келіпті. Олар тәртіп сақшыларына айналма жолда орналасқан жылдамдық өлшегіш құралға қатысты өздерінің байқағандарын жайып салды. Айтуларынша, бұл құрал қазан айынан бастап бұзылған. Сағатына 60 шақырым жүруге рұқсат етілген көшеде барлық көлік  сағатына 72-76 шақырым жылдамдықпен жүрді деп көрсетіліпті. Осыны алға тартқан жүргізушілер тәртіп сақшыларына жылдамдық өлшегіш  сараптамадан өткізілсін деген талап қойды.

Манарбек Нәжиев, БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

-Сіздердің жазған арыздарыңыз  бойынша біз тексеріс жүргіземіз. Сіздерге қызметкерлерді таныстырдым ғой қазір. Заңға сәйкес көрсетілген мерзімде тексеріс жүргізіп, заңға сәйкес баға береміз. 

  Бұл комиссияның жұмысы аяқталып,  қорытындысы шыққанша  тәртіп сақшылары жүргізушілерге  барлық айыппұлды төлеңдер деп кеңес берді. Егер жылдамдық өлшегіш құралдан шынымен де ақау табылса, олардың ақшалары қайтарылып беріледі екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.