{metadescription}
Павлодар облысында оқушысынан қарыз алып қайтармай қойған мұғалім шатылып жатыр
Павлодар облысында оқушысынан қарыз алып қайтармай қойған мұғалім шатылып жатыр

Павлодар облысында оқушысынан қарыз алып қайтармай қойған мұғалім шатылып жатыр

Павлодар облысында физика пәнінің мұғалімі алаяқ деп айыпталып жатыр. Екібастұздық Баян Сәрсекееваның айтуынша, оның 16 жастағы қызының сеніміне кіріп алған сынып жетекшісі қиын жағдайға тап болғанын айтып, оқушыдан көмектесуін өтінген көрінеді. Бұған иланған қыз үйдегі бар алтынды рұқсатсыз алып, ұстазының қолына ұстата салған. Кейін ол бағалы бұйымдардың қайтарылмайтынына көз жеткізіпті. Барлық жайт осыдан кейін мәлім болып отыр.

Жалғызбасты ана Баян Сәрсекеева болған жайтты естіп білгенде есеңгіреп қалған. Айтуынша, 16 жастағы қызының сеніміне кіріп алған сынып жетекшісі қиын жағдайға тап болғанын жеткізіп, оқушысынан көмек сұраған. Сөйтіп, үйдегі бар алтынды ұстазының қолына ұстатқан жасөспірім кейін бағалы бұйымдардың қайтарылмайтынына көз жеткізген. Жағдайды айтып мектеп директорының орынбасарына барғанымен, ештеңе өзгермепті. Ақыры полицияға шағымданамын деп ескерткенінде ұстазының өзі үйге келіп, бәрін анасына жайып салған.

Баян Сәрсекеева, оқушы қыздың анасы:

-Мынадай жағдайға баланы әкелгеннен кейін көп өтірік сөз айтқан. Алтынды алғаннан кейін мамаңа білмеймін деп айтқызған. Ақша сұратқаннан кейін қызым айта алмаған ғой.  Курсқа алдым, көйлек алам деп, өтірік сөздер үйреткен.

 Ал жеті бірдей алтын бұйымды ломбардқа өткізіп тастаған мұғалім оларды өз туыстарының араласуымен иесіне қайтарып берген. Ол үшін тіпті 700 мың теңге несие алуға тура келіпті. Бірақ оқушысына «анам хәл үстінде жатыр» деген сылтау айтқан ұстаз өзіне шаң жуытар емес.

Алмагүл Авдолхан, мұғалім:

-Мен ол жерде қайтарып беру ниетіммен ғана қарызға алдым 20 күнге. Оны уақытында қайтарып бердім. Ешқандай басқа зорлап оны күшпен қолынан тартып алған жоқпын. Келісімімен ғана алдым, қайтарып бердім. Анасына бәрін түсіндірдім. Мамасы маған айтқан әкеп берсеңіз болды деп. Одан кейін не үшін шағымданғанын білмеймін.

Баян Сәрсекеева расымен де бағалы бұйымдарын түгел қайтарып алса да прокуратураға шағым түсірген. Кәмелет жасына толмаған қызының күйзеліске ұшырағанын алға тартқан ол ұстазды алаяқ деп айыптап, балалармен жұмыс істеу құқығынан айыруды көздеп отыр. Ал прокуратурадағылар мұғалім кінәсін мойындады дейді.

Файзолла Жанабаев, Екібастұз қаласы прокуратурасының баспасөз хатшысы:

-Мектеп мұғаліміне қатысты бүгінгі күнде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тұлғаға бүгінгі күнде «Алаяқтық» бабы бойынша кінә артылып отыр. Күдікті тұлға өз кінәсін мойындап отыр. Ешқайда шықпау жөнінде қолхат берді.

Бұл жағдайдан мектеп басшылығы да құлағдар. Бірақ білім ошағындағылар жұмған ауыздарын ашпай, тіпті тілшілерді ішке кіргізбей қойды.

-Ал директор қайда?

-Білмейміз.

-Қалай білмейсіз басшыңыздың қайда екенін?

-Білмейміз. Сізді кіргізуге рұқсат берілген жоқ.Сіз қазір босатсаңыз мектепті.

Алмагүл Авдолхан Екібастұз шаһарындағы мектепке биыл қыркүйекте келіпті. Екі ай ішінде осындай былыққа жол берген 29 жастағы ұстаздың физика пәнінің мұғалімі екенін айта кетейік.

-Білім басқармасындағылардың айтуынша, Алмагүл Авдолхан сырқаттанып қалуына байланысты уақытша жұмысынан босатылған. Ал ұстаздың қызметінен қуылар, қуылмасы қылмыстық істің нәтижесіне тікелей байланысты болмақ. Тілшілермен кездесуден бас тартқан ол енді мемлекеттік қорғаушы жалдап, алаяқтық жасамағанын дәлелдеуге бекініп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде