Ақтөбеде араққа сылқия тойып алған жүргізуші жаяулар жолағында адам қағып өлтірді
Онысымен қоймай оқиға орнынан қашып, куәгерлер оны соңынан көлікпен қуған.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.11.2017
Соққының қатты болғаны соншалық, 54 жастағы тұрғын сол жерде жүріп кеткен. Жүргізуші оны қаққанымен қоймай, бірнеше метрге дейін сүйрепті. Сондай-ақ жол шетіндегі қоршауларды да қиратқан. Апаттан соң мас жүргізуші жанындағы жолдасымен көліктен түсіп, ер адамның тамыр соғысын тексереді. Өліп қалғанын көргенде тұра қашады. Оқиға куәгерлері көше бойлай қашқан екеуін көлікпен қуып ұстады. Қазір тергеліп жатыр. Ақтөбеде соңғы бір аптада адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан із суытатындар көбейген. Мұның алдында есірткіге елірген 27 жастағы жігіт 55 жастағы әйелді қағып, қашып кеткен еді. Ол да артынан ұсталды.
Эльмира Суликанова, Ақтөбе облыстық ІІД басқарма бастығының міндетін атқарушы:
-Жол көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды. Оқиға салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші көз жұмды. Қазіргі таңда жүргізушіні қамауға алу мәселесі шешілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!