{metadescription}
Алматыдағы атышулы "Алтын Орда" базары енді жүргіншілердің жүйкесін жұқартпайтын болды
Алматыдағы атышулы "Алтын Орда" базары енді жүргіншілердің жүйкесін жұқартпайтын болды

Алматыдағы атышулы "Алтын Орда" базары енді жүргіншілердің жүйкесін жұқартпайтын болды

Бүгін "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы аталмыш базар маңындағы жолдардың жобасын таныстырды.

3D форматта жасалған кескіндерде кептелістен көз ашпайтын жердің жаңартылған нұсқасы көрсетілген. Онда жол үсті көпірлері мен жолайрықтардың орны, сондай-ақ, автобус жүретін жер мен жеңіл көлік өтетін жолдар анық бейнеленген. Ал құрылысқа кедергі келтірген нысандар толықтай сүріледі. Компанияның эксплуатация департаментінің директоры Төлеген Абдулин қазір жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатқанын айтып отыр. Оған 22 техника мен 60 адам тартылған екен. Абдулин жаңа жол салынып біткенше көліктер бұрынғы трассамен жүре береді дейді. Құрылыс аймағын айналып өтетіндей жағдай жасалмақ. Ал Алтын Орда алдындағы жаяу жүргіншілерге арналған көпір қала бермек. Ол тек жаңартылып кеңейтіледі. Жолды жөндеу жұмыстары 2019 жылы аяқталмақ. Айта кетейік, қазір Бішкек-Алматы трассасының бұл бөлігі төрт жолақты болса, кейін ол он жолаққа дейін кеңейтілмек

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде