{metadescription}
Ұзақ үзілістен соң жұмысына қайта оралған Нығматулин министрлердің шаңын қақты
Ұзақ үзілістен соң жұмысына қайта оралған Нығматулин министрлердің шаңын қақты

Ұзақ үзілістен соң жұмысына қайта оралған Нығматулин министрлердің шаңын қақты

Үкімет халықаралық трассалардың құрылысын тек шетелдік компанияларға беріп қойған. Мемлекеттік тендерде жеңіске жететін де осы сырттан келген бизнесмендер. Бүгін мәжілісмендер шенеуніктерден жол салуға отандық кәсіпкерлерді де араластыруды талап етті.  Ал Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысын жақында жүрегіне операция жасатып, қызметіне қайта  оралған  Нұрлан Нығматулиннің өзі жүргізді.

Нұрлан Нығматулин Астанадағы Кордиология орталығында жүрегіне операция жасатыпты. Ота өте сәтті өткен екен. Оны төрағаның бүгінгі қарқынынан-ақ байқауға болады. Ал спикерді депутаттар қол соғып қарсы алды. 

Бүгін Инвестиция және даму министрі  халық қалаулыларынан «Күрті-Бурылбайтал» мен «Ұзынағаш-Отар» тас жолын жөндеу үшін қосымша қарыз алуға келісім беруді сұрап келген. Ал бұл салада өтетін мемлекеттік тендерлерді көбіне шетелдік компаниялар жеңіп алады. Депутаттар шененуіктердің бұл әрекетіне күдіктеніп қалды.

Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты: 

-«Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  халықаралық бағыты аясындағы жолдардың құрылысы тек  шетелдік компанияларға берілген. Республикалық маңызы бар үлкен тарссаларды да сырттан келген мекемелер салып жатыр. Отандық компаниялардан шетелдік кәсіпкерлердің не артықшылығы бар?

Жеңіс Қасымбек  отандық компаниялар халықаралық стандартқа сай жұмыс істей алмайды деп ақталды. Алайда, Мәжіліс төрағасы  мәселе мынада дейді. Үкімет шетелдік кәсіпкерлерге арзан несие беріп  ерекше қолпаштап отыр. Нығматулин Жеңіс Қасымбекке енді жол салу ісіне  жергілікті фирмаларды  араластыруды талап етті.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

-Пора действовать, если согласны. Головой вы активно киваете, а работаете пока слабо. Мы вообще должны защитить отечественный бизнес.

Жұмысқа қызу кіріскен Нығматулин министрлерге кезек-кезек ескерту жасады. Ал Қаржы министрі Мәжіліске Грузияның 24 жыл бұрын біздің Үкіметтен алған қарызын қайтару үшін қайта келісім жасауға арналған құжатты көтеріп келген. 28 миллион доллар  ақшаны ала алмай жүрген Бақыт Сұлтанов та сөз естіп тынды.

Жалпы, бүгін Нығматулин депутат, министрлердің ерекше назарында болды.  Жиын аяқталған соң журналистер де спикердің денсаулығына қатысты біренше сұрақ қойды. 

-Көп-көп рақмет. Бәрі жақсы.

 - Жұмысты сағындыңыз ба?

- Әрине!

-Мәжіліс бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары туралы  заң жобасын да екінші оқылымда мақұлдады.  Құжат  бойынша, елімізде төтенше жағдай болса, мемлекеттік мекемелер журналистерге   3 сағаттың ішінде шұғыл ақпарат беруге міндетті. Сұхбаттан бас тартқан шенеунік жауапқа тартылады. Төменгі палата жаңа заң жобасын Сенатқа жіберді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде