{metadescription}
Елімізде арзан бағаға пәтер тауып беремін деп, тақырға отырғызатын алаяқтар көбейген
Елімізде арзан бағаға пәтер тауып беремін деп, тақырға отырғызатын алаяқтар көбейген

Елімізде арзан бағаға пәтер тауып беремін деп, тақырға отырғызатын алаяқтар көбейген

Мұны зардап шегушілермен қатар, риэлторлық қызмет ұсынатын мамандардың өзі растап отыр. Әсіресе, елімізде соңғы уақыттары жылжымайтын мүлікті жалған құжатпен сатып жіберетіндердің қарасы артқан.

Қарағандылық Саят Мусин жеті ай бұрын жары екеуі жарнамадан арзан бағадағы пәтер тапқанда, қатты қуаныпты. Банктен 2 жарым миллион теңге көлемінде несие алып, келісімшарт негізінде жартысын алдын ала сатушының қолына ұстатады. Себебі, сатушы коммуналдық қарыздарын жауып, құжаттарды рәсімдеймін деп сылтауратыпты.  Алғашында ол күнде ертеңмен жүрсе, кейін тіпті төбе көрсетуді қойыпты.

Саят Мусин, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Олар үнемі кездесуден қаша бастады. Тіпті, біз секілді жас отбасыдан 500 мың теңге алған екен сол пәтерге. Сотқа арыз жаздық. Ақыры не боларын білмеймін. Мойныма ілінген несиені 2022 жылға дейін төлеуім керек.

Адвокаттардың айтуынша, өзін риэлтормын деп таныстырып, тақырға отырғызып кететіндердің қулығына құрық бойламайды екен. Сондықтан, пәтерді сату және сатып алу кезінде жеке куәліктен бастап, барлық құжатты мұқият қарау керек дейді.

Мұратқожа Әмитов, адвокат:

-Алаяқ тіпті алдыңғы пәтер иесімен толық есептеспей, қайта сатуы мүмкін. Нәтижесінде соңғы сатып алушы зардап шегеді. Сондықтан негізгі иесінен де барлығын сұрау керек. Арзан баға екен деп, бірден келісім-шартқа қол қоюға болмайды. 

Ал, делдалдық қызмет көрсетуде 16 жылдық тәжірибесі бар Нина Лукьяненко, күріш арқасында су ішкен күрмектің кесірінен, бұл салада келеңсіздіктер көп екенін айтады. Сату, сатып алу, тіпті, жалға беруде де түрлі қитұрқылықтар көбейген. Сондықтан да, қара делдалдар да құжат болмайтынын ескерген жөн дейді.

Нина Лукьяненко, риэлтор:

-Ешқашан жасырмаймын, өзін риэлтор есебінде көрсететіндер көп. Олар тіпті аз ғана уақытқа арнайы курстан өтпегендер. Егер сіз осы қызметке жүгінсеңіз, оның жеке кәсіпкер ретінде куәлігі бар ма, қанша жылдан істеп келеді, солардың барлығын сұрап біліңіз.

-Ішкі істер министрлігінің өкілдері, жылжымайтын мүлік пен жер теліміне қатысты алаяқтыққа арнайы есеп жүргізілмейтінін айтады. Бірақ, елімізде жылжымайтын мүлікті жалған құжатпен сату дерегі кеңінен етек жайғанын жасырмады. Ал, мамандар болса, сатып алушы мен пәтер жалдаушы әуелі риэлтормен келісім-шартқа отыруы тиіс дейді. Сонда ғана өз құқығыңды заңды түрде қорғай аласың.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде