Оралда жарылыстан зардап шеккен келіншек Ресейде емделмек
Оралда жарылыстан зардап шеккен 37 жастағы келіншекті туыстары ақыры облыстық ауруханадан алып кетті. Сөйтіп, ол Ресейдегі емдеу орнына жеткізілді.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.11.2017
Осы күнге дейін жергілікті дәрігерлер денесінің 85 пайызын күйік шалған Әселім Нығметованы ешқайда тасымалдауға жарамсыз деп келген еді. Бірақ бүгін жағдайы түзеліп, таңғы асын да өзі ішкен. Жақында туыстарының шақыртуымен көрші Самара қаласынан дәрігерлер келіп оны қарапты. Ресейге жеткізуге солар кеңес берген. Туыстары ондағы Пирогов атындағы аурухананың күйік бөліміне жатқызғандарын жеткізді. Бірақ еміне кем дегенде бес миллион теңге ақша төлеуі керек. Айта кетейік, келіншек таңғы ас әзірлемек болғанда газ балоны жарылған. Өзі күйіп, құрсағындағы шаранасы өліп қалды. Оралдық дәрігерлер дер кезінде аман алып қалдық деп отыр. Дегенмен, науқасты тасымалдауға келгенде туыстарының шешіміне қарсы бола алмаған.
Ерлан Тоқсанов, БҚО клиникалық ауруханасының директоры:
-Астанаға көшіруді тоқтата тұруды ұйғарған болатынбыз. Бірақ жаңағы оның жолдасының, тума-туыстарының ұйғаруы бойынша олар Самара қаласына алып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!