РБК клиенттері есепшоттағы қаржысын еш кедергісіз алып кете алады
Бұған дейін ақша кезең-кезеңімен беріледі делінген болған. Алайда, аз уақыттың ішінде аяғына тұрған банк секем алған салымшыларымен толықтай есептесуге дайын екендіктерін ресми жария етті.
Автор: Аруна Ортай
22.11.2017
Айналдырған бір ай ішінде РБК туралы түрлі әңгіме өрбіген. Қаржылай қиындыққа тап болған банк, тіпті, құрдымға кетеді деген болжамдар да болды. Алайда, бүгін бас қосқан банк акционерлері күдікті толық сейілтті. Енді осы қаржы ұйымының төлем картасын ұстағандар шоттағы ақшасын еш кедергісіз толық көлемде шеше алады. Сөйтсе, әлсіреген банкке инвесторлар 60 миллиард теңге көмек беріпті. Оған қоса, келесі жылдың басында банк шотына тағы 100 миллиард теңге қаржы түседі деп күтілуде. Ұлттық банк те бұл ретте едәуір қаражат құйған. Соңғы мәліметтер бойынша мемлекеттен 243 миллиард теңге бөлінген. Мұндай миллиардтаған демеуден кейін дереу есін жиған банк, енді клиенттердің мәселесін шешуге көшкен.
Владимир Ким, РБК Банк акционері:
-РБК-ға қатысты соңғы жайттар туралы өтірік-шыны аралас көп әңгіме айтылды. Шындығында келгенде банкке қолдау жетіспеді. Бірақ, бұл мәселе бүгінде шешімін тапты. Енді клиенттермен жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Әрбір клиенттің бізде қалғаны маңызды. Сондықтан оларға барынша жағдай жасайтын боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!