АҚШ әскері Сириядан кетпейтін болды
Тіпті, содырлармен соғыс аяқталғаннан кейін де сарбаздарын кері қайтармақ емес. Өйткені, Америка осы елдің солтүстігінде жаңа билік құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Вашингтон Пост жазуда.
23.11.2017
Басылым мәліметінше, АҚШ әскерін бұл жерден аяқасты алып кетсе, Башар Асад толық саяси жеңіске жете ме деп қауіптенеді. Сөйтіп, Америка мұндағы стратегиялық мүддесіне қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Яғни, Сириядан түбегейлі кетсе, елдің жақын одақтасы Иранның ықпал ету аймағының ұлғаюына әкеліп соқпақ. Ал, АҚШ-тың мақсаты - мұндағы Иран ықпалының артуына қарсы тұру! Сол себепті, елдің солтүстігінде Башар Асадтың билігін мойындамайтын жаңа басқару орталығын құруды жоспарлап отыр. Әскері де соғыстан көз ашпай келе жатқан елде біржола қалады. Сөйтіп, Сирияның демократиялық күштеріне қолдау білдіруін жалғастырмақ. Айта кетсек, қазір мұнда 500-ден аса америкалық әскери қызметкер бар. Бұған қоса, тағы жүздеген бөлім сарбаздары, артиллериялық топ, әскери диспетчерлер жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!