{metadescription}
"Вильярреалмен" ойнайтын  "Астана" сенсация жасай ала ма?
"Вильярреалмен" ойнайтын  "Астана" сенсация жасай ала ма?

"Вильярреалмен" ойнайтын "Астана" сенсация жасай ала ма?

Тарихи сәт таяп келеді! «Астана» футбол клубы Еуропа Лигасында топтан шыққан Қазақстандық алғашқы команда болуы мүмкін. Бүгін біздің жігіттер өз алаңында Вильярреалды қабылдайды.

Испаниялық клуб А тобында 8 ұпаймен көш бастап тұр. Астана 7 ұпаймен екінші келеді. Алғақы кездесуде елордалықтар қонақта бұл командаға 3-1 есебімен ұтылған. Енді есені қайтару керек. Оның үстіне Астана өз алаңында өте жақсы ойын көрсететін ұжым. Осы қарқыннан таймай бүгінгі текетіресте кемі тең ойнаса топтан шығатын мүмкіндігі артады. Ал жолдаманың нақты қай клубтың қанжығасында кететіні 8-желтоқсанда белгілі болмақ. Онда Астана Чехияда Славия Прагамен ойнайды. Чехиялық ұжым 5 ұпаймен топта үшінші тұр. Ал, Маккаби Тель Авив 1 ұпаймен соңғы келеді. Еліміздің футбол тарихына өзгеріс енгізу үшін бүгін аяқдопшыларымыздың аянып қалмасы анық. Ойын Астана-Аренада сағат 22:00 де басталады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде