{metadescription}
Моншада жын-ойнақ салғандар ақыры кешірім сұрап тынды
Моншада жын-ойнақ салғандар ақыры кешірім сұрап тынды

Моншада жын-ойнақ салғандар ақыры кешірім сұрап тынды

Бұған дейін интернетте таралған видеода жартылай жалаңаш жігіттер өздерін жемқорлыққа қарсы қызметтенбіз деп таныстырған болатын.

Бұл кадрлерде атышулы журналист Тоқберген Әбиев бір адамға қызметтік куәлік беріп, парақорлармен күресушілердің қатарына қосылуымен құттықтап жатыр. Кейін Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро видеодағы адамдардың өздерінің қызметкерлері еместігін мәлімдеді. Ал Әбиевтің қолынан құжатты алған Ақтау тұрғыны Эрик Магомедов екен. Маңғыстау атом энергокомбинатында жұмыс істейтінін айтқан ол, жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюродан кешірім сұрады. Айтуынша, бұл құзырлы органға түк қатысы жоқ. Сөзіне сенсек, Тоқберген  Әбиев оған парақорлықпен күрескер ретінде жеке қоғамдық ұйымының куәлігін берген. Ал моншадағы отырысты жолдасының интернетке жариялап жіберетінін білмедім деп ақталып отыр.

Эрик Магомедов:

-Записываю настоящее видео, чтобы разъяснить обществу, родственникам, что происходящее в ролике в бане является нелепой словесной ошибкой. Если данными действиями я нанес какой-либо вред имиджу Национального бюро по противодействию коррупции, я прошу прощения....

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде