{metadescription}
Тікелей эфир: Елімізде ипотеканың пайызы төмендеуі мүмкін бе?
Тікелей эфир: Елімізде ипотеканың пайызы төмендеуі мүмкін бе?

Тікелей эфир: Елімізде ипотеканың пайызы төмендеуі мүмкін бе?

 

Коммерциялық банктер мемлекеттің тұрғын үй бағдарламалары бойынша алғашқы жарнаның көлемін төмендетуді сұрайды.

Олардың пікірінше жас отбасылар үй құнының 30 пайызын жинап үлгермегендіктен, бағдарламадан тыс қалып, баспанасыз босып жүр. Бұған дейін "Нұрлы жол" мен "Нұрлы жерге" қатысудан қашып отыр деп айыпталған жеке банктер, бүгін бағдарламаны қол жетімді етудің бірқатар ұсыныстарымен Сенатқа келді. Жоғарғы палатадағы отырыстан әріптесім Азамат Алдоңғаров бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын.

СҰРАҚ: Қайырлы күн Азамат! Банктер қандай ұсыныс айтты, Ұлттық банк не деді?

-Қайырлы күн, Ерланби! Шынымен жекеменшік банк өкілдерінің бүгін көтергендері тәп-тәуір ұсыныс. Бұған дейін біз дәл осы Нұрлы жол, Нұрлы жер бағдарламаларын қаржыландыру бойынша Инвестициялар және даму министрлігі мен бірқатар депутаттардың екінші деңгейлі банктерді қашқақтап отыр деп айыптағанын айтқанбыз.

Осыдан кейін жеке банктер бүгін аталған бағдарламаларға арналған жиынға бірқатар ұсыныстарымен келді. Соның бірі, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалалары бойынша

ипотекалық несиенің шекті көлемін 20 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін көтеру. Себебі 20 млн теңге кей азаматтардың алғысы келген баспанасына жетпейді. Банк өкілдерінің келесі бір маңызды ұсынысын дәл қазір тыңдап көрсек.

Айжан Еселбаева, Банктің департамент директоры:

–Біз алғашқы төлем көлемін 30 пайыздан 20 пайызға дейін төмендетуді ұсынамыз. Қазіргі кезде үйлердің бағасы тұрақтанды. Бұл баспана құнының 30 пайызын жинап үлгермеген жас отбасыларға, жастарға ипотекалық несие алуға мүмкіндік берер еді.

-Азамат, екінші деңгейлі банктердің пайыздық үстемелерінің де жоғары екенін ескерсек, мына ұсыныс жеңілдік болады ғой?

Болар еді. Неліктен болар еді екенін түсіндіріп көрейін. Қазіргі таңда Нұрлы жол, Нұрлы жер бағдарламалары бойынша мардымды жұмыс істеп отырған жалғыз банк Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Олардың пайыздары бес пайыздан басталады. Бірақ онда кезегін 1 млн адам күтіп жүр. Ал екінші деңгейлі банктердің пайыздарын мемлекет субсидиялап, халыққа 10 пайызбен жетеді. Бұл да жаман емес. Ал алғашқы жарна 20 пайыз болса тіпті жақсы болар еді. Бірақ Ұлттық банктің ойы басқаша.

Алпысбай Ахметов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

– Ұлттық банк бұл ұсынысты қолдамайды. Себебі жарна көлемін төмендету азаматтардың қарызын көбейтеді. Банктердің несие беру кезіндегі басты талабы халықтың оны қайтара алу мүмкіндігі. Қазіргі кезде біздің 5 млн отандасымыздың 5 трлн теңгеден астам несиесі бар. Бір млннан астам адамның төлемдері 90 күннен артық кешіктіріліп отыр. Халық онсыз да белшесінен несиеге батқан.

Ұлттық банк проблеманың себебіне емес, салдарына алаңдаулы. Пайыздары батпандай банктерге батпайтын Ұлттық банк, халық бірінші қарызынан құтылып алсын дегенге келтірді. Ал екінші деңгейлі банктердің барлығын бірдей мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыруға жұмылдыру қатысты сұраққа Ұлттық банк өкілі уақыт тығыз, бір-ақ сұраққа жауап бере аламыз деп кетіп қалды. Сенаторлар да айтылған ұсыныстарды Үкіметке жеткізуге тырысамыз деп тарады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде